Мектеп оқушыларының дебаты.
Мектеп оқушыларының жан-жақты дамуында, олардың азаматтық белсенділігі мен интеллектуалды ізденісін, қоғамда дұрыс саяси бағдарларын қалыптастыруда дебат ойындарының орны ерекше. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан да дебат ойындарын жаңғырту, дамыту ісіне көп көңіл бөлінуде. Министр А.Аймағамбетов: «Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге