"Үздік аспаз -2023" » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Үздік аспаз -2023"
13
ноябрь
2023

"Үздік аспаз -2023"

"Үздік аспаз -2023" 
Аспаз мамандығы адам өмірінде жайлы жағдай тудырудың ең маңыздысы болып саналады. Аспаз өнері адамға өзінің  денсаулығын  нығайтуға, кейбір өнімдердің дәмдік сапасымен рахаттануға көмектеседі. Аспаз-өнері бұрынғы ғасырдан келе жатқан өнер және ең таңдаулы мамандықтардың бірі. Аспаз маманын-тек дәмді тағам дайындау үшін емес, өмірімізге ең қажетті маман ретінде қабылдауымыз керек. Бірлескен жобалар білім алушылардың сыни ойлауын, эмпатияны және қоғамдағы өзара әрекеттесу үшін маңызды әлеуметтік дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Осы орайда оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында "АСПАЗДЫҚ ЖОБА" аясында  № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде 8-10 сынып оқушылары арасында "Үздік аспаз -2023" сайысы болып өтті. Сайысқа әр сыныптан бір оқушыдан қатысты, олар: 
8 а сыныбынан - Өмірбайқызы Аруназ
8 б сыныбынан - Сейіткамалұлы Ерхан
9 а сыныбынан  - Қарабасова Анар
9 б сыныбынан - Ерғабылова Тоғжан
10 а сыныбынан  - Әлібекқызы Азиза
10 б сыныбынан - Хабибуллаева Сания. 
Әділқазылар алқасы болып аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің тілшісі Б.Жанәлі, кәсіпкер М.Өтепбергенова және мектеп директорв С.Сактапова болды. Сайыскерлер 4 кезең бойынша сайысқа түсіп, үздік болып жүлделі І орынмен 10 а сынып оқушысы Әлібекқызы Азиза , ІІ орынды  8 А сынып оқушысы Өмірбайқызы Аруназ,ІІІ орынды 9 б сынып оқушысы Ерғабылова Тоғжан жеңіп алды. Барлық жүлделі орын алған оқушыларға арнайы дипломдармен және кәсіпкер М.Өтепбергенованың демеушілігімен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив