ҰСТАЗДАРДЫ ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ - ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰСТАЗДАРДЫ ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ - ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ
31
январь
2022

ҰСТАЗДАРДЫ ЖАҢАЛЫҚҚА БАСТАР ЖОЛ - ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының және Қызылорда облыстық Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен өткізілетін облыстық шығармашыл ұстаздардың «Тәжірибе алаңы» 2022 жылдың 2-5 қаңтар күндерінде ұйымдастырылуда.
"Тәжірибе алаңының" алғашқы күнінде облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Бабабекқызы тәжірибе алаңына 19 жыл толуымен құттықтай отырып, шығармашыл мұғалімдерге сәттілік тілесе, С.Кусейнов жұмыс барысымен таныстырды.
Өзара тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген  Өрлеу  біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тренері Ж.Жубауованың "Education scrum" (Білім айқасы) шеберлік сыныбында ұстаздар өз пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты.  
Кеш соңында Сырдариялық ұстаздар құрамасы "Ауыл кеші көңілді" мәдени шарасында оқ бойы, оза шауып I орын иегері атанды. 2-орынға Жаңақорған, 3-орынға Шиелі мен Жалағаш командалары табан тіреді.
Мәдени шаралармен қатар спорттық сайыстар да  өткізілді. "Тоғызқұмалақ" сайысында команда мүшесі #129 мектеп-лицейінің музыка пәнінің мұғалімі Опабеков Биболат III орын иеленді.
Осы орайда әріптестерімізге, жастарға қарап М.Жұмабаев атамыздың “Мен жастарға сенемін!” деген өлең шумақтарының шындыққа жанасып жатқандығына көз жеткізуге болады. Елдің ертеңі-біз жастар! Барлық әріптестерімізге сәттіліктер мен толағай табыстар тілейміз! 🤗
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив