09
март
2022
«Интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы» тақырыбында 1- 11 сынып оқушылары арасында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
№ 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде «Интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы» тақырыбында 1- 11 сынып оқушылары арасында бірыңғай сынып сағаттары өтті. Балаларды зиян келтіретін әлеуметтік желілердің теріс ықпалынан қорғау үшін алдымен интернеттің пайдасы мен зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы да кездеседі. Интернеттегі онлайн ойындары, көбінесе, атыс-шабыс, қантөгіс, жауыздық тақырыбында болады. Ұдайы ойнағанда оның мазмұны, әдіс-тәсілдеріне еніп, жаман қылықтар пайда болады. Тіпті қылмысқа апаруы ықтимал. Мектеп жасындағылар көп уақытын ұялы телефонды қараумен өткізеді. Сондықтан интернеттегі онлайн ойындарда кездесетін атыс-шабыс, жауыздық, жаман әрекеттерге шақыру, т.б. психологияға теріс әсер береді. Компьютерлік ойын жарнамалары балаларды өздеріне тартады. Жаман қылықтарға бағыттайтындығы жайлы оқушыларға тереңінен түсіндірілді.






