"Тәуелсіздік - тұғырым" » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздік - тұғырым"
23
декабрь
2023

"Тәуелсіздік - тұғырым"



Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасақ, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгенін түсінеміз. Отан, туған ел, халық ұғымын тәуелсіздіктен бөліп қарастыру мүмкін емес. Барлығы тамырлас, бір-бірімен байланысып жатқан өзегі бір ұғым. Тәуелсіздіктің иесі – халық, халықтың анасы – Отан.
           Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті.  
             №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде "16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай "Тәуелсіздік - тұғырым" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада Туған жер, Отан тақырыбында өлең шумақтары оқылып, әндер шырқалды.
            Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген жастардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. 
             Жаңа ғасырға құшағын кең ашып, үмітін үкілеп отырған халықтың көңілі – шат, жүзі – жайдары. Еркіндіктің таңы атты. Тәуелсіздіктің кемесіне мініп, міне,ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміз ғұмырлы болсын!
             Өз жолы, өзіндік болашағы бар мәңгі тәуелсіз Қазақстанның тарихы жалғаса бермек! Біздің алға қойған мақсатымыз — өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу.  Жаса,жайна Қазақстан!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив