04
декабрь
2023
"Салауатты өмір салтын сақтаймыз!"
Соңғы жылдары жер шары халықтарының назары ХХ ғасырдың обасы аталған СПИД (иммунитет жетіспеушілік синдромы) дертіне аууда, қазірдің өзінде ондаған мың адамдардың өмірін жойған осы бір қатерлі ауру жайында жұмыр жердің түкпір - түкпірінде күн сайын хабар бермей отырған бірде - бір газет, журнал, теледидар немесе радио торабы жоқ.
Бұл дерттің қара бұлты бүкіл жер шарын басып келеді. Сондықтан осы аурудың алғашқы және негізгі белгілері, одан сақтану жолдары, аурудың алдын - алу тәсілдерін білгеніміз жөн. Осы орайда №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі мен Тереңөзек Кент Мәдениет үйінің бірлесуімен «1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне» орай «Салауатты өмір салтын сақтаймыз» тақырыбындағы іс-шара ұйымдастырылды. Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Іс-шара қонағы ретінде Сырдария аудандық ауруханасының АИТВ/ЖИТС кабинетінің маманы Оразбаева Ақжарқын Исаевна, емхана психологы Төлепова Айнұр, Аудандық «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Мұханбетқали Аружан, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Байтөлеева Серіккүл Тұрсынбекқызы қатысты. Іс-шара мектеп жанынан құрылған «Жас толқын» мектеп театры мүшелерінің қойылымымен ашылып, мектеп оқушыларының флешмобымен жалғасын тапты.
Сырдария аудандық ауруханасының АИТВ/ЖИТС кабинетінің маманы Оразбаева Ақжарқын Исаевна және емхана психологы Төлепова Айнұр шараның маңыздылығына тоқталып, 21 ғасырдың дертіне айналған індет жайлы ақпарат беріп өтті.
Адам баласы үшін ең кымбатты – оның мәнді де сәнді өмірі. Бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары,жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. Бүгінгі жас буын – ертеңгі болашағымыз.
Аудандық «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Мұханбетқали Аружан сөз кезегін алып, егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қоғамда өзіндік орны бар, тәрбиеліліктің жоғары үлгісін көрсете білетін,жан-жақты,білімді, өнерлі болу қажеттігін айтып, іс-шара төңірегінде ойымен бөліссе, мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Байтөлеева Серіккүл Тұрсынбекқызы отбасындағы бала тәрбиесі жайлы тоқталып, ізгі тілегін білдірді.
Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.Атамыз қазақтың «Денсаулық – зор байлық» деген секілді даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.
Шара соңында мектеп директоры Сактапова Света Мұхтарқызы ғасыр дертіне айналған індет жөнінде ойымен бөлісіп, іс-шараға қатысушы қонақтарға,оқушылар мен ата-аналарға алғысын білдірді.
Сондай ақ Сырдария аудандық ауруханасының АИТВ/ЖИТС кабинетінің маманы Оразбаева Ақжарқын Исаевна Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай АИТВ-ның алдын алу шараларын насихаттауға белсен атсалысқаны үшін №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп ұжымына «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының» бас дәрігері Г.Максутованың арнайы алғыс хатын табыс етті
Өсіп келе жатқан жастар-ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір. Болашақтың көпірі, біз, жастар, бар берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, артылған сенімді жауапкершілікпен сезініп, аманат-елді болашаққа жеткізу.
Болашақтың кепілі-дерт жабыспаған денсаулық, сыр бермейтін саулық. Демек, өміріңіз бен нұрлы болашағыңыз өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз.