09
март
2022
«Интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы» тақырыбында онлайн ата - аналар жиналысы өткізілді.
№ 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде «Интернет желісіндегі қауіпсіздік туралы» тақырыбында онлайн ата - аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың мақсаты интернеттің пайдалы және зиянды жақтары бойынша ақпарат беру, қауіпсіз пайдалануға үйрету, интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, Youtube арналарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, оның ішінде, зорлық-зомбылықты, кибербуллингтің алдын алу бойынша бейнероликтермен таныстырып, бала тәрбиесінде ата - аналардың жауапкершілігін арттыру болды. Онлайн жиналысқа мектептің 1-11 сынып оқушыларының ата- аналары қатысып,өз пікірлерін ортаға салды.