"Алғыс айту-парызым" » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алғыс айту-парызым"
01
март
2024

"Алғыс айту-парызым"



Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. 
       Иә, бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
       Осы мереке қарсаңында №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде "Алғыс айту-парызым" тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Сактапова Света Мұхтарқызы өзінің ізгі тілегін білдіріп ашып берді.
       Айтылған әсем ән,  өнерлі жігіттер мен қыздардың керемет биі көрерменге көтеріңкі күй сыйлады.
        Алғыс айту күні-Қазақстан халқын мәнгілікке біріктіруге бағытталған  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы- еліміздің барлық ұлт пен  ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан Халқы Ассамблеясының күні .Өмірге риза болып, алғыс айт» деп халық даналығында  айтылғандай  адам өзінің  өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы  барын қанағат тұтып, осының да  бар болғанына   рахмет  деп алғысын  білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді , өмірді,  өмірде  барды  бағалаудан басталады. Ендеше,  бір- бірімізді  бағалап, қадірімізді  біліп,  алғыс  айта  жүрейік! 
Алғыс айту күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймыз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив