22
ноябрь
2023
"КӨҢІЛДІ ҮЗІЛІС"
N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде " Мектеп парламенті" мүшелерінің ұйымдастыруымен оқушылардың өзара сенімділігін, қарым-қатынасын, ұйымшылдығын арттыру мақсатында "Көңілді үзіліс" ұйымдастырылды. Шара барысында парламент мүшелері мектеп "Жас ұландықтарына" түрлі сұрақтар қойып, жеңімпаздарға тәтті сыйлық жасады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына "Өз ізіңді қалдыр" тақырыбында қабырға газеті жасалынып, оқушылардың арман тілектері жазылды. Көп оқушының тілегі биылғы бітіруші түлектерге арналды.
" Көңілді үзіліс" көңілді сергітіп, жаңа күйге және көңілді көтеру үшін өте қажет. Қөңіл-күйіңіз жақсы болса ең ұнатпайтын және қиын пән сіз үшін жағымды және түсінікті болады.