СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ВЕЛОШЕРУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау саласы органдары қызметкерлерінің және медицина саласы мамандарының кәсіби мерекелері қарсаңында аудан орталығы Тереңөзек кентінде дәстүрлі велошеру ұйымдастырылды. Орталық алаңнан бастау алған спорттық іс-шараға 250-ден астам тұрғын қатысты. Велошеруге қатысушылар кенттің негізгі көшелері арқылы "Қызылорда-Жалағаш" автожолының бойындағы демалыс саябағына дейін жүріп өтті. Велошеруге қатысушыларға тегін балмұздақ таратылды. Сонымен бірге,