31
январь
2022
Мектеп оқушыларының дебаты.
Мектеп оқушыларының жан-жақты дамуында, олардың азаматтық белсенділігі мен интеллектуалды ізденісін, қоғамда дұрыс саяси бағдарларын қалыптастыруда дебат ойындарының орны ерекше. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан да дебат ойындарын жаңғырту, дамыту ісіне көп көңіл бөлінуде. Министр А.Аймағамбетов: «Дебат тек зияткерлік ойын емес, ол – сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға, командамен бірлесіп жұмыс істеуге, сұрақ қойып, оларға нақты жауап беруге үйрететін білім беру технологиясы. Балалар осылай бір-бірімен қарым-қатынас жасай отырып, өздерінің әлеуметтік байланыстары мен бір-біріне деген сенімін нығайтады», - деп атап көрсеткен болатын.Қаңтар айының 19 күні тарих пәнінің мұғалімі Шакизадақызы Жанардың және "Ақиқат"дебат клубының ұйымдастыруымен 8-9 сыныптар арасында зум платформасы арқылы дебат өткізілді.Дебатта қарастырылған қарар "Ата-аналардың өз балаларының әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіру мүмкіндігі болу керек па? деген тақырыпта талқыланды.

