ҚАУІПСІЗ ЖАҢА ЖЫЛ! » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАУІПСІЗ ЖАҢА ЖЫЛ!
27
декабрь
2021

ҚАУІПСІЗ ЖАҢА ЖЫЛ!

«Отшашудың салдарынан көз жарақатын алған», «Петарда атамын деп қолын күйдірген». Жаңа жыл қарсаңында осындай себептермен ауруханаға түсетіндер көп. Жарылғыш заттардан жапа шегетіндердің басым көпшілігі балалар. Ақ халаттылардың айтуынша, бұған балақайлардың от шашуды дұрыс қолданбауы себеп болып отыр. Осы орайда № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің 1-11 сынып оқушылары арасында "Қауіпсіз жаңа жыл" тақырыбында сынып сағаттары өтті.  Себебі, ата-ана балаға фейрверктің қаншалықты денсаулыққа қауіпті екенін түсіндіріп, тыйым салудың орнына оны өз еріктерімен сатып алып, қолына ұстатады. Нәтижесінде оң-солын танып үлгермеген балақайлар қайғылы жағдайға душар болып, аурухана төсегіне таңылады. Ал, ата-аналардың бұған өз уәждері бар. Олар жарылғыш заттардың сатылымы¬на толықтай тыйым сала алмай отырған құзырлы органдағыларға айып тағады. Құзырлы органдағылар болса, жарылғыш пиротехникалардың түрлерін қолдануға тыйым салынғанын алға тартып отыр.  Десек те фейрверктерге қаншалықты тыйым салынғанымен халық арасында оған деген сұраныс төмендер емес.
Сондықтан да оқушыларға жаңа жылды қарсы алу барысында пиротехникалық қауіпті заттарды пайдаланбауға шақырды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив