26
январь
2023
📚"Білімді мыңды жығар" ✨️



17.01.2023ж күні N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді,жан-жақты болуға үйрету мақсатында 4 сыныптар арасында "Білімді мыңды жығар" тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізілді.
Сайыс 7 кезеңнен тұрды:
1 кезең: «Таныстыру» кезеңі
2 кезең: «Жүйрік болсаң, озып көр» капитандар сайысы
3 кезең: «Полиглот»
4 кезең: «Кім жылдам?» (мозайка құрастыру)
5 кезең: «Ғажайып алаң»
6 кезең: «Өнер алды қызыл тіл» мақал-мәтел сайысы
7 кезең: «Айшықты сөздер»
Сайыста 4"А" сынып оқушыларынан құралған "Алғырлар" тобы және 4 "Б" сынып оқушыларынан құралған "Білімділер" тобы бақ сынады.
Сайыс барысында оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, логикалық және шапшаңдық сыналатын қызықты тапсырмалар орындады. Сайыс қорытындысы бойынша "Алғырлар" тобы жеңіс тұғырынан көрінсе, "Білімділер" тобы 2 орынды еншіледі. Сайысқа қатысушылар мектеп директорының арнайы дипломымен марапатталды.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.