21
декабрь
2021
"Тұғыры биік-Тәуелсіздік" атты тарих апталығы аясында "Алтын қақпа" ойын өтті.
Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған "Тұғыры биік-Тәуелсіздік" атты тарих апталығы аясында 9 желтоқсан күні мектебіздің 5 а және 5 б сыныптары арасында тарих пәнінің мұғалімі Танкибаева Құндызай апайдың ұйымдастыруымен "Алтын қақпа" ойын өтті.Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қадірлей білуге тәрбиелеу мақсатында өткен бұл ойынға 5 сынып оқушылары белсене араласып,ат салысты.Ал бұл ойынның шарты – Отанымыздың жүрегі, бас қаласы – Астанадай алыс жердегі «Алтын қақпаға» жету. Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмалар орындау. Ойын үш кезеңнен тұрды. І кезең «Тас қақпа», ІІ кезең «Күміс қақпа», ІІІ кезең - шешуші кезең- «Алтын қақпа» деп аталады.Ондағы алтын сандықта «Білім» деген қазына бар. Сол «Білім» қазынасын алу үшін түрлі тапсырмаларды мүдірмей орындап,жеңімпаз болып 5 а сынып оқушысы Құтымова Анель марапатталды.Жеңімпазға және барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.


