09
март
2022
«Біздің айналамыздағы экономика» тақырыбында экономикалық ойындарының аудандық кезеңі өткізілді.
2022 жылдың 11 ақпан күні №35 мектеп-лицей базасында «Біздің айналамыздағы экономика» тақырыбында экономикалық ойындарының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: Жас жеткіншектердің қаржылық сауаттылық пен экономикалық базалық деңгейін қалыптастыру және кәсіптік бағдар беру. Сонымен қатар экономика саласында дарынды балаларды анықтау, оларды қолдау және шығармашылықпен жұмыс жасауына, өзін-өзі дамыта отырып, шыңдауына қолдау білдіру. Ойын екі кезеңнен тұрды:
І кезең: «Бизнес жоспар қорғау»
ІІ кезең: «Өз бизнесімізді бастаймыз» презентация таныстыру.
Экономикалық ойынға әр мектептен бір команда қатысты. Байқау нәтижесі бойынша:
І дәрежелі диплом иегерлері: №35 мектеп-лицейінің оқушылары Әбдімұратова Назым, Жәкебаева Айым. Жетекшісі: Л.Сағымбаева
ІІ дәрежелі диплом иегерлері: №129 мектеп-лицейінің оқушылары Оразалиева Марина, Тілеухабыл Ақбаян. Жетекшісі: Г.Ибрагимова
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері: №191 орта мектебінің оқушылары Әбсәләм Сымбат, Әбдікәрімова Жаннұр, Жалғасбек Мерей. Жетекшісі: Ж.Райымбекова