🏆🏆"Екі жұлдыз - 2023" ✨🎼 » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 🏆🏆"Екі жұлдыз - 2023" ✨🎼
26
январь
2023

🏆🏆"Екі жұлдыз - 2023" ✨🎼


🏆🏆"Екі жұлдыз - 2023" ✨🎼
            Қазақ халқы қашанда өнер мен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі - бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. Осы орайда 23.01.2023ж күні ұстаздар мен оқушыларға шығармашылық қолдау көрсету, өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі мен Тереңөзек Кент мәдениет үйінің бірлесуімен  "Екі жұлдыз - 2023" ән сайысы өткізілді. Сайысқа 9 жұп қатысып, 2 кезең бойынша сынға түсті.
1 кезең: Еркін тақырыптағы ән
2 кезең: Халық әні
Сайысқа қатысушы жұптарға әділ бағасын беретін әділ қазылар қатарында 
- Мектеп директоры Сактапова Света Мұқтарқызы
- Тереңөзек Кент мәдениет үйінің аға әдіскері Сағынбайұлы Ербол
- Сырдария аудандық мәдениет үйінің әншісі Жакешова Динара қатысты.
Жұлдызды жұптарымыз өз әлдерінше 2 кезең бойынша  әндерін орындап шықты. 
    Сайысымыздың қорытынды кезеңінде бабы мен бағы келіскен шын жүйріктер анықталып 4 қатысушы жұпқа мектеп директорының арнайы дипломы және кәсіподақ комитетінің бағалы сыйлықтары табысталса, қалған 5 қатысушы мектеп директорының арнайы алғыс хаттарымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив