09
март
2022
"Жігіт сұлтаны -2022" сайысы ұйымдастырылды
23.02.2022 ж күні N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде "Балалар жылы" аясындағы іс-шара жоспарына сәйкес ата салтын насихаттай отырып, әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, тапқырлық, сахна мәдениетін дамытып, өз елін сүйер ұрпақты тәрбиелеу мақсатында 5-7 сынып оқушылары арасында "Жігіт сұлтаны -2022" сайысы ұйымдастырылды. Оқушылар 5 кезең бойынша сайысты.
І-кезең: "Алаштың ер ұланы"
(Өзін-өзі таныстыру)
ІІ-кезең: "Күш атасын танымас"
(Кеудені жерден көтеру)
ІІІ-кезең: "Бабалар өсиеті - ер қасиеті"
(Танымдық сұрақ- жауап)
IV-кезең:"Ұлағаты мол ұлттық ойын"
(Қазақтың 1 ұлттық ойынын таныстырады)
V-кезең: "Сал серілер салтанаты"
(Өз өнерін көрсету).