21
декабрь
2021
"Тұғыры биік-Тәуелсіздік" тақырыбында тарих бірлестігінің апталығы басталды.
Мектебімізде 8-15 желтоқсан аралығында "Тұғыры биік-Тәуелсіздік" тақырыбында тарих бірлестігінің апталығы басталды.Апталықтың мақсаты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, еліміздің өткеніне,ертеңіне көз жіберіп шолу жасау.Оқушыларға патриотық тәрбие беру.Еліне,Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.Бүгін 8 желтоқсан күні тарих апталығының салтанатты ашылуы 11 сынып оқушыларының белсене араласып, "Мен қазақпын" әнін шырқау мен бастау алды.Одан кейін 8-11 сынып оқушыларымен салтанатты лездеме өткізіліп,апталықтың ашылуын мектеп директоры Сактапова Света Мұхтарқызы құттықтау сөзімен бастады.Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жолында көрген қиян – кескіндерді оқушылар тарихи көріністер және жыр шумақтарын оқу арқылы жеткізді.Лездеме барысында оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып,түрлі сыйлықтармен марапатталды.Салтанаты жиында оқушылар және мұғалімдер апталықтың жоспарымен таныстырылып өтті. Мектеп фойесінде өз еліміздің тарихын,тілін салт-дәстүрін,әдебиетін қадір тұтып,құрметтеу мақсатында «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.






