21
декабрь
2021
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанын
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Осы орайда N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің "Жас ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен " Тәуелсіздік- мәңгілік ел тұғыры" тақырыбында мерекелік жиын болып өтті. Іс-шараны мектеп мектеп директоры С.Сактапова ашып құттықтау сөз сөйледі. Шара барысында 2 сынып оқушыларын "Жас ұлан" ұйымына қабылдау рәсімі болды. Одан әрі кеш қонақтары 2 "А" және 7"Б" сынып оқушыларының өнерлерін тамашалады.