21
декабрь
2021
"Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушылары Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай "Тәуелсіздік тұтқасы бізге аманат" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушыларға тәуелсіздік ең басты құндылығымыз екенін, қазақ халқы еркіндікке қол жеткізу үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешіргенін және осы 30жыл ішінде еліміздің жетістіктерін ұғындыру. Шара барысында осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған батыр бабаларымыздың және Ресейдің езгісінде болып,тіліміз бен дінімізден безіп,орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Сәбира Мұхамеджанова,Ербол Сыпатаев сынды ерте үзілген жаужүрек аға-апаларының құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып егеменді ел болғанын сезінді.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болғай!