"Тұғыры биік-Тәуелсіздік" атты тарих апталығында ұйымдастырылған мектепішілік дебат турнирі өткізілді. » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тұғыры биік-Тәуелсіздік" атты тарих апталығында ұйымдастырылған мектепішілік дебат турнирі өткізілді.
21
декабрь
2021

"Тұғыры биік-Тәуелсіздік" атты тарих апталығында ұйымдастырылған мектепішілік дебат турнирі өткізілді.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.08.12.2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне арналған "Тұғыры биік-Тәуелсіздік"  атты тарих апталығында ұйымдастырылған  мектепішілік дебат турнирі өткізілді.Тарих пәнінің мұғалімі Шакизадақызы Жанардың және "Ақиқат" дебат клубының ұйымдастыруымен "Қазіргі жастарға патриотизм тән бе?"  атты тақырыпта өткізілген дебат сайысы қызықты әрі  тартысты өтіп, оған 9,10,11 сынып оқушылары қатысты.
    Іс-шараның мақсаты: оқушыларды патриотизмге, тарихи құндылықтар мен халық дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, ой-өрісін, функционалдық сауаттылығын дамыту. Пікірталас барысында екі жақты позицияда оқушылар өз көзқарастарын білдірді, таңдалған позицияны дәлелді түрде қорғады, қарсыластардың күшті және әлсіз жақтарын атап өтті. 
Турнирдің қорытындысы бойынша:
1 орын- 10 сынып
2 орын - 9 а сыныбы
3 орын - 9 б сыныбы
3 орын - 11 сынып оқушылары иеленді.
Турнирдің жеңімпаздары арнайы мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. 
  Пікірталас Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін"шығармасынан үзіндімен аяқталды:         
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қыран құстай қанатты,                                                                                    Мен жастарға сенемін!                                                                                          Төрешілер оқушыларға шығармашылық табыс пен келесі дебаттық жарыстарда нәтижелі биік шыңдарды бағындыруды тіледі!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив