"ЛАГЕРЬ АРУЫ - 2023" АРУЛАР САЙЫСЫ » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЛАГЕРЬ АРУЫ - 2023" АРУЛАР САЙЫСЫ
16
июнь
2023

"ЛАГЕРЬ АРУЫ - 2023" АРУЛАР САЙЫСЫ

"ЛАГЕРЬ АРУЫ - 2023" АРУЛАР САЙЫСЫ
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі жанынан құрылған күндізгі "Ұлан" тынығу лагерінде "Лагерь аруы - 2023" атты арулар сайысы өткізілді. 
⚜️Сайыстың мақсаты: Қазақ қыздарына тән адамгершілік пен эстетикалық рухта тәрбие бере отырып инабаттылыққа, парасаттылыққа баулу, мейірімділік пен қайырымдылықты, биязылықты бойларына сіңіре отырып білімдарлыққа баулу, құлпырған қызғалдақ қыздарымызға әсемдік пен әдемілік қана жарасатынын санасына сіңіру.
⚜️Сайыс IV кезеңнен тұрады.
I кезең: "Сәлем — сөздің анасы".
II кезең: "Тапқыр болсаң, тауып көр".
III кезең: "Өнерлі өрге жүзер".
IV кезең: "Қыздарға әсемдік жарасады.
⚜️Сайыс барысында қатысушылар:
- өлең шумақтарымен өздерін таныстырды;
- қиынды қағаздарды құрастырып, бейнеленген суретке анықтама берді;
- өз өнерлерін көрсету мақсатында бірі мың бұрала билесе, енді бірі ұлы ақындарымыздың шығармашылығынан өлеңді мәнерлеп оқыды;
- қолдан жасалған сәндік үлгілерін киіп, қазылар алқасы мүшесіне сән көрсетті.
⚜️Әділ қазы алқасы мүшелері Рәзия, Айткүл, Нұргүл апайларымыздың шешімі бойынша:
"ЛАГЕРЬ АРУЫ - 2023" номинациясы бойынша Нұрлыбекқызы Інжу,
"ӨНЕРЛІ АРУ" номинациясы бойынша Алмабекқызы Аружан,
"СӘНҚОЙ АРУ" номинациясы бойынша Ибрай Үміт марапатталды. Қатысушылар өз өнерлерін көрсету арқылы марапатпен қоса сыйлықтарға ие болды.

​​​
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив