10
май
2023
"Жігіт сұлтаны - 2023"
N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесіне арналған іс-шара жоспарына сәйкес 8-10 сынвптар арасында мектепішілік "Жігіт сұлтаны - 2023" сайысы ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты әр баланың бойындағы қабілеттерін ашу, сахна мәдениетіне, ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Сайысқа қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті.
1 кезең: "Тегімді менің сұрасаң" (таныстыру кезеңі)
2 кезең: "Талапты ерге нұр жауар" (өнер сайысы)
3 кезең: "Күш атасын танымас" (кеудені жерден көтеру)
4 кезең: "Шешен жігіт сөз бастар" (сұрақ-жауап)
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз жігіттерге мектеп директорының арнайы дипломдары табысталды.