21
декабрь
2021
Жандарбек Мөлдір қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мектебімізде қуанышты жаңалық!
Мектебіміздің үздік оқушысы, спорт пен білімді қатар алып жүрген 7-сынып оқушысы Жандарбек Мөлдір қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды. Ақтөбе қаласында өткен тоғызқұмалақтан Ү Азия чемпионатында 12 елден келген ойыншылармен бақ сынасып, тартысты әрі қызықты өткен тоғызқұмалақтың блиц түрінен топ жарып, еліміздің мәртебесін асқақтатып, Қазақстанның Гимнін әуелете шырқатып, көк байрағын желбіретті. Жапония, Түркия, Ресей, Қырғызстанның үздік ойыншыларынан оқ бойы оза шауып чемпион атанды.
Туған жерге келген жас чемпионды мектеп директоры С.Сактапова бастаған мектеп ұстаздары мен оқушылар зор қуанышпен күтіп алды. Ұстаздар өздерінің ақ тілектерін айтып, тек қана биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.
Тоғызқұмалақ ойынынан Қазақстан бойынша тұңғыш Азия чемпионы атанған Кенжебекова Ақерке де киелі де қасиетті мектебіміздің түлегі.
Тәуелсіз еліміздің болашағы – жастар. Еліміздің Мәңгілік Ел болып қалуы - аға буын өкілдерінен кейінгі жастардың қолында. Сапалы білім мен саналы тәрбиені бойына қатар сіңірген шәкірттеріміз көп болсын! Еліміздің мәртебесі ақсақ, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!


