«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығымен таныстыру » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығымен таныстыру
21
декабрь
2021

«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығымен таныстыру

N 210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебі бойынша Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстыру мақсатында мектеп директоры С. Сактапова мектеп ұжымымен таныстырып, талқылап өтті. Қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрып, сындарлы саясат жүргізіп, әлеуеті зор нарықтық экономикалық жүйе қалыптастырды.
Ең бастысы бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізіп, елдігіміз қайта жаңғырды.
Әлем қартасында Қазақстан деген егемен елдің ойып тұрып орын алуы үшін аянбай еңбек еттік.
Ендігі кезекте осы жетістігімізді еселеп арттыру ел ынтымағы мен тұтастығына байланысты екенін айтып өтті. 
Сөз соңында мектеп директоры жиынды Елбасының сөзімен аяқтады: "Ендігі кезекте осы мерейлі күнге жеткізген, ырысымызды арттырған Жаратқанға шүкіршілік етіп, ертеңге сенімді қадам басу қажет.
Рухымызды қайрап, еңсемізді тіктеп, бұдан да биік асуларға жету үшін және Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай жұмыс істеуге тиіспіз!
Біз кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, жеңіске бірге жетеміз!"
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив