18
октябрь
2021
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ КҮЗГІ СПАРТАКИАДА
Бүгін аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен N 129 мектеп-лицей базасында мектеп оқушыларының аудандық күзгі спартакиадасының ШАХМАТ спорт түрі бойынша жарысы өткізілді.
Аудандық спартакиаданың мақсаты:
мектеп оқушыларының денсаулығын нығайту, дене тәрбиесі мен спорт жүйесін дамыту;
салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Спартакиада 8-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Спартакиадаға ауданымыздың 17 мектебінен 40 оқушы қатысып, спартакиаданың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды N 174,210 орта мектеп, ІІ орынды N 44 орта мектеп , І орынды N 129 мектеп-лицей командалары жеңіп алды. Жеңімпаз команда 29 қазан -07 қараша күндері Қызылорда қаласында өткізілетін облыстық күзгі спартакиадасына жолдама алды.
