15
декабрь
2022
«Ойлан тап» интеллектуалды ойыны
Мектебімізде "ТАРИХ.ТӘУЕЛСІЗДІК.ТАҒЫЛЫМ" атты тарих бірлестігінің апталығы аясында тарих пәні мұғалімі Сағындықова Гүлзат Болатқызының ұйымдастыруымен «Ойлан тап» интеллектуалды ойыны өтті.
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыра отырып, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, жинақы болуға және тарих сабақтарында өткен тақырыптардан сұрақтар беру арқылы білімдерін тиянақтау ой - өрісін, сана - сезімдерін қалыптастыру. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу мақсатында өткізілген ойынға 9 сынып оқушылары қатысып,белсенділік танытты.Сайыс нәтижесінде 9 а сынып оқушылары үздік нәтижені көрсетіп,алға шықты.