«Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыпта жас мұғалімдерге арналған аудандық әдістемелік семинар өткізілді. » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыпта жас мұғалімдерге арналған аудандық әдістемелік семинар өткізілді.
09
март
2022

«Озат тәжірибе-ортақ іс» тақырыпта жас мұғалімдерге арналған аудандық әдістемелік семинар өткізілді.

2022 жылдың 17 ақпан күні Абай атындағы №130 орта мектебінде «Озат тәжірибе-ортақ іс»  тақырыпта жас мұғалімдерге арналған аудандық әдістемелік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты - жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс – тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасай отырып, қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған, білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа  технологиямен жан - жақты іздену арқылы еңбек етуге үйрету. Іс-тәжірибемен алмасу, әдістемелік көмек көрсету. Семинарға аудан мектептерінің белсенді жас мұғалімдері қатысты. Семинар барысында "Эмоция" тақырыбында мектеп психологы Дүйсенова Индира тренинг өткізіп, жас ұстаздарымызға жақсы әсер қалдырды. Сонымен қатар математика пәні мұғалімдері «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында Қ.Қайырбаев ашық сабақ көрсетсе, «Білім бәйгесі» тақырыбында Ғ.Әбдіғалымова сыныптан іс-шара көрсетті. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 
«Тіл талапкері» тақырыбында Т.Қаршығаева ашық сабақ, «Халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында сыныптан іс шараны А.Қайырбаева өткізді. «The Fisherman and the Fish» тақырыбында ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.Муханова және Янка Мавр «Сын воды» тақырыбында сыныптан тыс шараны орыс тілі пәні мұғалімі Қ.Махмутова жоғары деңгейде көрсетті. Семинар барысында
информатика пән мұғалімі Палымбетова Еңлік «Онлайн сервистердің мүмкіндіктерін белсенді оқыту мен кері байланыста қолдану жолдарында» тақырыбында шебер сынып көрсетті. Аталған семинар өз дәрежесінде өтіп, өзара пікір алмасып, кері байланыс орнатылды. Семинар соңында білім бөлімінің әдіскері З.Билисбаева қорытындылап, үздік сабақ көрсеткен ұстаздарды Алғыс хатпен марапаттады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив