"ЖЕТІ АРАЛ" ОЙЫНЫ » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ЖЕТІ АРАЛ" ОЙЫНЫ
16
июнь
2023

"ЖЕТІ АРАЛ" ОЙЫНЫ

"ЖЕТІ АРАЛ" ОЙЫНЫ
13.06.2023ж. 
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі жанынан құрылған "Ұлан" күндізгі сауықтыру лагерінде "Оқушылар үйі" мекемесі "Оригами", "Бояулар сыры" және "Архимед" үйірме жетекшілері Ғабитқызы Гүлдана, Мұхтарова Айша, Сейтакбарова Оразкүл апайлардың ықпал етуімен "Жеті арал" топтық-танымдық ойын жүргізілді. 
🌴Ойынның мақсаты: әр түрлі жастағы балаларды қарым-қатынас жасауға дағдыландыру және өзара дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастыру. Ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру барысында бір-бірімен тату болуға, достық, жолдастық қарым-қатынасының қалыптасуына әсер ету. Балалардың ойлау қабілеті мен қимыл-қозғалыс ептіліктерін жетілдіру.
🌴Ойын шарты бойынша жасырын жеті арал бекітіледі. Жеті аралға жеті басшы бекітіледі. Балалар топқа бірігіп, әр аралдан белгілі тапсырма орындап, ұпай жинайды. Ең көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
🌴Жеті арал:
• "Өрмекші"аралы
• "Білімділер"аралы 
• "Жұмбақ" аралы
• "TikTok" аралы
• "Спорт" аралы
• "Құрама" арал
• "Кім жылдам?" аралы
Топ мүшелері бірігіп, жылдам жеті аралдың орналасқан жерін тауып, тапсырмаларын орындады. Орындаған тапсырмалары үшін әр түрлі балл қойылды. Жиналған ұпай сандары басқаларынан көп болған топ жеңіске жетті.
🌴Ойын қорытындысы бойынша: қатысушы топтар жүлделі орындармен марапатталды.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив