21
февраль
2023
Ата-аналармен тренинг
№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің 10 а,б сынып жетекшілері Г.Тәжімұратова мен Г.Умирзакованың ұйымдастыруымен *Ата-аналардың тәрбиесі және жағымсыз әдеттері* тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізілді. Мақсаты- ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы ұғындыру,, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру. Тренинг барысында "Отбасы- өмір аясы" атты баяндама оқылды, ,бейнеролик көрсетілді. "Біз біргеміз" қызықты сұрақтар мен ситуациялық сұрақтарға жауап беріліп, қазіргі кезде болып жатқан жасөспірімдер мен отбасы арасындағы өзекті мәселелер туралы ой қозғалып, талдау жүргізіліп, пікір алысты.
Қорытындысында сынып жетекшілер ата-аналардан " Отбасы қарым-қатынас" сауалнамаларын алып,ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азаматтары болатынын айтып қорытындылады.