Тарих пәні мұғалімдерінің съезі өтті » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тарих пәні мұғалімдерінің съезі өтті
14
апрель
2022

Тарих пәні мұғалімдерінің съезі өтті

2022 жылдың наурыз айының 3-і күні Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбында  «Тарих» пәні мұғалімдерінің съезі болып өтті. Өткен күнмен бүгінгі күннің тарихын жалғастырып, ұлттық кодымызға негіз бола алатын ұлттық құндылықтарымызды ұлттық мінезімізбен болмысымызды, халқымыздың төл тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін сан  қырынан танытатын – тарих пәні мұғалімдерінің Қызылжарда бас қосу съезіне Сырдария ауданы бойынша қатысып қайттым. Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, заманауи көзқарас» тақырыбында  «Тарих» пәні мұғалімдерінің съезі 5 секция бойынша ұйымдастырылды. 
№1 секция: Орта мектепте тарих пәнін оқыту мазмұны: МЖМББС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар.
№2 секция: Білім алушылардың оқу жетістігін бағалау:  жағдайы, проблемалары, ұсыныстар.
№3 секция: Мектеп оқушыларының тарих пәні бойынша, ғылыми-жобалық зерттеулері.
№4 секция: Республикада тарих пәні мұғалімдерін дайындау, кәсіби біліктілігін көтеру, аттестаттау: жағдайы, проблемалары, ұсыныстар.
Пленарлық мәжілісті Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының перзиденті Бейсембаев Ғани Бектайұлы жүргізіп отырды.  Мәжілісті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірі Аймағанбетов Асхат Қанатұлы ашты.
Баяндама оқушылар: Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент –мүшесі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы «Қазақстан тарихы білім мазмұнын жаңғырту» тақырыбында, Алматы қаласы Білім басқармасының Мұқағали Мақатаев атындағы №140 гимназияның тарих және құқықтану пәні мұғалімі Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы «Мектепте тарихты оқытудағы өзекті мәселелер: шешу жолдары мен ұсыныстар» тақырыбында баяндамалар тыңдалды. Секциялар жұмысын қорытындылай келе «Еркін» микрофон ұсынылып бірнеше ұсыныс, пікірлер мәжілісте айтылды. Пленарлық мәжілісті қорытындылай келе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірі Аймағанбетов Асхат Қанатұлы съезде шығарылған шешімдерге қысқаша тоқталды.
 «Тарих» оқулықтарын дайындау үшін ортақ бір база жасақталатын болды; 5-сыныпқа тарихқтың әліппесі «Тарихтан қысқаша әңгімелер» қайта оралады; 
 6-сыныпта «Ежелгі заман траихы» оқытылады; 7-8 сыныптарды «Орта ғасырлар тарихы» бөлініп оқытылатын болады;
 Қазақстан тарихынан әр кезең бойынша бөлек олимпиадалық сайыстар өткізіледі;
 Мектеп гуманитарлық бағытта  немесе жаратылыстану бағытында болсын Қазақстан тарихы аптасына 2 рет, дүниежүзі тарихы аптасына 1 реттен көбеймесе азамайды; 
Мектеп мұғалімдерінің тағы бір аңсап отырған тілегі тарихтан БЖБ-ны ауызша алуға рұқсат етіледі, оның нәтижесін жазбаша сақтауға мұғалім міндетті емес. 
Тарихты оқытқанда даталар мен адам аттарына басымдық берілмейді; 
Қорыта айтқанда  съезде білім парадигмасының негізінде оқытудың өзекті мәселелері көтеріліп талданды. Осы съезде сын пікірлердің барлығы негізге алынып, тарихты оқыту пәнін, тарих пәнінің құзыреттілігін көтеру туралы тұщымды пікірлерден кейін министірлік тарапынан қолдау тауып, жүзеге асатынына біз тарихшы қауымы сенімдіміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив