21
февраль
2023
Мұқағали – мәңгілік жыр
Мұқағали – мәңгілік жыр
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының символы, қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасындағы онкүндік челлендж өз мәресіне жетті.
Әр шығармасы сырлы сезімге толы ақиық ақынның өлеңдерінен ұстаздарымыз шабыт алып, қанаттанып, Мұқағали жырларының күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем екендігін танытып, байқау ережесіне сәйкес өз шығармашылықтарын көрсете білді. Нәтижесінде «Үздік» деп танылған видеороликтер аудандық білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды. Жүлделі ІІ орынмен №210 орта мектептің мұғалімі М.Отарбаева марапатталды.
Мұқағали ғасыр ақыны екені баршаға аян. Оның өлеңдері мен қаншама еңбектері қазірде бізге жетіп тариxтағы асыл мұра, өшпес қазына болып сақталып отыр. Олай болса, ақынның мұрасы, біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, болашақ ұрпақтарымыздың да еншісі, қадірлейтін қазынасы болмақ.
