09
март
2022
"Сөнбес ғұмыр" тақырыбында әдеби-танымдық бағдарламасы ұйымдастырылды.
9 ақпан Қарасаздың қасиетінен нәр алған, заманының заңғар ақыны М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Тереңөзек кенті мәдениет үйі мен N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің бірлескен "Сөнбес ғұмыр" тақырыбында әдеби-танымдық бағдарламасы ұйымдастырылды. Бағдарлама шымылдығы мектеп жанынан құрылған "Жас толқын" үйірмесінің мұзбалақ ақынның жалт еткен сөнбес ғұмырын бейнелейтін көрінісімен ашылды. Бағдарлама қонағы ретінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Сырдария аудандық маслихат депутаты, аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлы, Сырдария аудандық "Жастар ресурстық орталығының" директоры Оралов Ғани Мүзапбарұлы, Сырдария аудандық мәдениет үйінің әдіскері Сарсенбаева Гаухар Қожабергенқызы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әкімтаева Жадыра Абдулхамитқызы және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жаңабергенова Айгүл Төреханқызы қатысты. Қонақтар ақынның өмір жолы, шығармашылығы жайлы өрелі ойларымен бөлісті. Ақын шығармашылығына сусындап өскен шәкірттерде өлеңдерін жатқа оқыды. Жырларын ұмытпаған, ақынын ұлықтаған ел барда заңғар ақынның есімі өшпек емес.
Бағдарлама барысында мектебіміздің жас маманы Абылаева Ақтолқын әлеуметтік желіде мектеп парақшасында жарияланған "ТЫҢ ДЕРЕК" айдарына ақын туралы ауданымыздың азаматтары мен азаматшаларының жазған деректерін оқып, ақын мұражайы жайлы деректерімен таныстырып өтті. Өз сөзін қорытындылай келе қазақ киносының қоржыны ақын туралы "МҰҚАҒАЛИ.БҰЛ ҒАСЫРДАН ЕМЕСПІН" атты фильммен толыққанын айтып, трейлерін көрсетіп, әлеуметтік желіден толық нұсқасын көруге шақырды.
Қорытынды бөлімінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Бахтиярова Ғалия мен мектеп директоры Сактапова Света Мұқтарқызы сөз сөйлеп, шараға қатысушыларға және іс - шараның жоғары деңгейде өтуіне тікелей атсалысқан тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Друмова Айгүл Сарсенқызына, педагог-ұйымдастырушы Арықов Өркен Алдабергенұлына және "Жас толқын" үйірмесінің жетекшісі Абылаева Ақтолқынға алғысын айтып, алдағы уақыттада осындай рухани азық болатын жүйелі жұмыстардың көп болуына тілектестігін білдірді.
Шара шымылдырығы М.Мақатаевтың сөзіне жазылған Жакешова Динараның орындауындағы "Есіңе мені алғайсың" атты әсем әнімен жабылды
Мұқағали - мәңгілік өмір. Қазақ жыры аманда, қазақ өлеңін оқитын ел аманда мына сыры мен сиқыры мол ғаламды өзінің құндағына алып тербетер жырдың да халқымен бірге, ұлы даласымен бірге өмір сүрері, ғұмыр кешері ақиқат. Адам баласының ғұмыр көші сөнгенімен артында қалар ізі сөнбесі анық.
Шараны ұйымдастырушылар:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Друмова
Мектептің педагог-ұйымдастырушысы
Ө. Арықов.


