13
декабрь
2022
"Ұшқыр ой алаңы" дебат

"Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі - қолбасшылық, екіншісі-шешендік" - деп ұлы шешен-ділмар М.Т.Цицерон айтып кеткендей, жеке пікіріңді айналаңа, қоғамға жеткізе білу үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі сөйлеу кез-келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені сөзсіз.
05.12.2022ж күні N35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей базасында 8-11 сынып оқушылары арасында "Ұшқыр ой алаңы" облыстық дебат ойындарының аудандық кезеңі болып өтті. Дебатқа мектебіміздің 9 сынып оқушылары Абатова Амина және Жақсылық Нұрай қатысып жүлделі III орын иеленді.
Жетекшісі: Шакизадақызы Жанар
