"Жас толқын" мектеп театры » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жас толқын" мектеп театры
13
декабрь
2022

"Жас толқын" мектеп театры

Театр – халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің құралы. Сондықтан өскелең ұрпақтың арасында өнердің осы бір түрін дамыту өте маңызды.Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарының тәрбие бағытындағы жұмыстарының мазмұнын толықтыру мақсатында «Мектеп театры» жобасы қолға алынған болатын. «Мектеп театры» жобасын енгізудегі мақсат – оқушылардың шығармашылығын дамыту, балалардың бойына рухани қазынаны сіңіру және елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, баланың сөйлеу мәнерін жақсарту, көпшілік алдында өзін ұстай білу, жан-жақты дамуына ықпал жасау.
          Аталған жоба аясында 23 қараша  күні мектебімізде  "Жас толқын" мектеп театры үйірме мүшелерінің ұйымдастыруымен  «Ертегілер елінде" тақырыбында бастауыш сынып  оқушылары арасында сахналық қойылым өткізілді. Оқушылар "Бауырсақ", "7 лақ" , " Жақсылық пен жамандық" т.б. ертегісін сахналап, өз өнерлерін көрсетті. Оқушылардың театр үйірмесіне деген қызығушылығы өте жоғары. Әрбір кейіпкердің рөлдерін сомдауға барын салып, кейіпкердің образын ашуға тырысты. Іс-шара соңында жас әртістеріміз арнайы алғыс хатпен марапатталды.
       Талантты балалардың басын біріктіретін үйірменің балаларға берері көп. Жобаның мүшелері де сахнада өздерін еркін ұсатуға, кейіпкер бейнесін ашуға, шығарманың мазмұнын толық түсініп, сахналап шығауға машықтанып келеді.
        «Балалар жылы» басталған бұл жоба мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа таланттардың жолын ашары сөзсіз.




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив