24
май
2022
«Менің Отаным – менің отбасым» тақырыбында оқушылардың отбасы, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
2022 жылға арналған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасын жүзеге асыру бойынша «Менің Отаным – менің отбасым» Отбасы институтын нығайту жөніндегі іс – шаралар жоспарына сәйкес № 210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі бойынша 1-11 сыныптар аралығында «Менің Отаным – менің отбасым» тақырыбында оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе , отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
Мектеп психологы З.Әбілдаева мектеп ата – аналарымен бірлесіп «Бақытты отбасы» тақырыбында тренинг өтті. Тренингтің мақсаты – отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру болды. Тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерін жоғары екенін баламен жақсы қарым – қатынас орнату, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын ашу екені айтылып, жұмыс жасалды.
7 сынып оқушылары арасында «Берік отбасы – бақыт мекені» тақырыбында эстафеталық сайыс болып өтті. Сайыстың мақсаты - оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру ,салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаман әдеттен аулақ болуға,достық пен ынтымақшылыққа, инбаттылыққа ,елжандылыққа баулу болды.
8-9 сынып оқушылары арасында отбасындағы әкенің рөлін нығайту мақсатында «Әкеме хат» эссе конкурсы ұйымдастырылды. Конкурсты



