« Гүл ек, тал ек, туған жерді түлет!» — ақциясы » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Гүл ек, тал ек, туған жерді түлет!» — ақциясы
24
май
2022

« Гүл ек, тал ек, туған жерді түлет!» — ақциясы

Экология мәселесі барша жұртты алаңдатып отырған шақта табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, мәдениеті жоғары тұлға тәрбиелеу — басты міндетіміз. 
Осы орайда,« Гүл ек, тал ек, туған жерді түлет!» — ақциясы барысында, бүгін 
О. Әбілпаттаев атындағы орта мектептің бітіруші жас түлектері, мектебімізде үрдіс алған дәстүрді жалғастырды. 
Болашақтан зор үміт күтетін жастар, өз арман - тілектерін тілеп,  «Кан» гүлдерін мектеп ауласына екті.
           Бұл шараның басты мақсаты - оқушыларды қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйрете отырып, еңбекке баулу. 
Түлектер бар ынта - жігерлерімен гүлдерді егіп жатты. Бірі күрегін қолына алып, гүл егіп жатса, енді бірі, шелегін алып, су құйып, қайнаған тіршіліктің үлгісін көрсетті.
            Мектеп директоры Сақтапова Света Мұқтарқызы  жас түлектерге алдағы  ҰБТ- да сәттілік тілеп, еліміздің өркендеуіне күш салатын жақсы маман, ел тізгінін ұстайтын жігерлі азамат болуларына ізгі тілегін білдірді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив