"Жаңа белестерге жетудің тың талаптары " тақырыбында апталық аясында сабақ өткізілді. » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жаңа белестерге жетудің тың талаптары " тақырыбында апталық аясында сабақ өткізілді.
14
апрель
2022

"Жаңа белестерге жетудің тың талаптары " тақырыбында апталық аясында сабақ өткізілді.

N210 О.Әбілпаттаев орта мектебінде ел Президенті «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауын қолдау мақсатында жоғары сынып оқушылармен "Жаңа белестерге жетудің тың талаптары " тақырыбында апталық аясында сабақ өткізілді. Мемлекет басшысы: «Осы күндерде жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық», – деді. Президент өз жолдауында  халқына салмақты  ой тастап, дәлелді тұжырым жасай отырып, нақты бағыт ұсынды. Сондай-ақ «Конституцияның 30-дан астам бабына өзгерістер енгізу қажет», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл аса күрделі өзгеріс. Мемлекеттік аппарат цифрлық құралдарды жаппай енгізу кезінде ғана іске асырылады.  Жолдау соңында Президент: «Еліміздің азаматтары ертең емес, бүгін бақытты болғанын қалаймын. Сондықтан маған елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан артық ештеңе жоқ», – деді. Мемлекет басшысы айтқандай, ел-жұрт болып жаңа Қазақстанды құру жолында аянбай еңбек етейік. Сондықтан білімі терең, ойы озық ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздар  қауымына және жастарға зор жауапкершілік жүктеледі. Біздің бүгінгі жастарымыз – Қазақстанның жарқын болашағы. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив