20
октябрь
2021
"Тілім барда айтылар сыр ойдағы"тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Қазақстан халқы тілдері мерекесін атап өту мақсатында N 210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М. Отарбаева 10-сынып оқушылары мен "Тілім барда айтылар сыр ойдағы"тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.Мақсаты: тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын насихаттау. Шара барысында оқушылар туған тіліміз-тұғырымыз, оның терең иірімдеріне бойлай білу-адамның парызы екенін атап өтті. Сонымен қатар ұлылардан қалған ой-пікірлерімен бөлісіп, тіл мәртебесін асқақтату туралы өз пікірлерін білдірді.

