БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА
18
октябрь
2021

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ - БАСТЫ НАЗАРДА

Әр ата-ана дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, саналы, білімді, ар-намысын жоғары қоятын азаматты тәрбиелеуді мақсат етеді. Ал, мектепке барып, қоғамдық ортамен араласа бастағанда баланың теріс жолға түсіп кетпеуі үшін де сақтық шаралары мықтап қолға алынады. Осы орайда N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебі бойынша жалпы мектепішілік " Бала қауіпсіздігі басты назарда" тақырыбында ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан ата-аналар жиналысы болды. Жиналыстың мақсаты бүгінде жасөспірімдердің қатыс­уымен орын алатын оқыс оқиғалардың жиілеп кетуі, балконнан құлаған сәби, түтінге уланған бала, суға бат­қан жасөспірім, отқа күйген нәресте, өгей шешенің қорлығы, қатал әкенің сұмдығы… Одан бөлек, ата-анала­рының кәмелетке толмаған бала­ларын қараусыз қалдырып, оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталып жатқан жағдайларды болдырмау. Жиналысты мектеп директоры С. Сактапова жүргізіп, күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау майоры Салтанат Джалмухамбетова "Жазғы маусымда жасөспірімдердің судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Екінші мәселе бойынша Сырдария аудандық Полиция бөлімінің Ювиналдық полиция тобының инспекторы, полиция капитаны Айгүл Нурумбетова "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықпен қылмысты болдырмау, алдын алу"  тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Үшінші мәселе бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Жаңабергенова "2020-2021 оқу жылының аяқталуы. ҚРБҒМ бұйрығына сәйкес 26 мамыр мен 19 маусым аралығында мектепте жазғы мектеп ұйымдастырылып жатқандығын хабарлады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив