«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
23
ноябрь
2022

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
«Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алды. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын шара «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық!» ұранымен өтпек.
Акция мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың мектепке бармауының алдын алу.
Биыл да жылдағы дәстүр жалғасып, акция барысында мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе күн көрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Ол үшін Қазақстан Республикасының әрбір азаматы ат салысып, көмек көрсете алады.
Айта кетейік, көмек алу үшін азаматтар білім беру ұйымдарына (мектепке) өтініш пен жоғарыда аталған санатына жататындығы туралы дәлелдейтін құжаттарын тапсырады. Әлеуметтік көмек көрсету туралы сұрақтар туындаған жағдайда  хатшы Камалова Сания Аманжолкызына хабарласа аласыздар. Тел: 22-0-91
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив