Жетістіктеріміз » Страница 2 » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
Шығармашыл ұстаз
21
апрель
2023
Шығармашыл ұстаз
Қызылорда облыстық өлкетану музейінде Сұлтан Бейбарыстың туғанына  800 жыл толуына орай "Бейбарыс-Қыпшақ даласының қыраны"атты облыстық тарихи-танымдық конференциясында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Тәжібаева Айгүл Әбдісұлтанқызы қатысып, өзінің озық тәжірибесімен бөлісіп қатысушы сертификатын иеленді.Құтты болсын,Айгүл Әбдісұлтанқызы! Сыр бойының тағылымды тарихшыларымен болған келелі кездесудегі тұщымды пікірлеріңіз бен саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесіңізге алғыс
"Біздің айналамыздағы экономика"
21
апрель
2023
"Біздің айналамыздағы экономика"
Құттықтаймыз !!! "Біздің айналамыздағы экономика" тақырыбында өткен экономикалық ойындар байқауының аудандық кезеңіне қатысқан 10"а" сынып оқушысы Абдуллаев Асылжан 1 орын иеленді.Жетекшісі : Білісбаева Қарлығаш.Облыстық  кезеңге жолдама құтты болсын! Сәттілік!
Құттықтаймыз!!!
21
апрель
2023
Құттықтаймыз!!!
Құттықтаймыз!!! "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының  аудандық кезеңіне "GREEN OASES" номинациясы бойынша қатысқан 7 "а" сынып оқушысы Нұрғазы Сұлтанбек І орын иеленді.Жетекшісі : Оспанова Жазира . "Eko-Bolashak"номинациясы бойынша қатысқан 10 "б" сынып оқушысы  Амангелдиев Сәкен ІІІ орын иеленді.Жетекшісі : Бедебекова Жұлдыз.Жас табиғат зерттеушілерімізге облыстық кезеңде сәттілік тілейміз
"Айбын —2023"
21
апрель
2023
"Айбын —2023"
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!! 2023 жылдың 10 сәуір күні Сырдария аудандық білім бөлімі және " Samgau" Қызылорда облысының жастар қоғамдық бірлестігінің " Айбын —2023" әскери—патриоттық жастар жиынының аудандық іріктеу кезеңіне 5 аймаққа бөлініп, барлық аудан мектеп оқушылары қатыстырылды. Сайыс қортындысы бойынша жүлделі  І орынды 1аймақ құрама командасы (N210, N36, N131 мектеп). ІІ орын- 4 аймақ (N44, N129, N132мектеп) III орын — 2 аймақ (N137,N126,N135мектеп) жеңіп алды. N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта
"Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасар-2023"
21
апрель
2023
"Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасар-2023"
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  6 сәуір күні Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасар-2023"  байқауы өткізілді. Байқауға  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Жаңабергенова Айгүл Төреханқызы қатысып жүлделі І орын иеленді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.
МАУСЫМАШАР-2023
21
апрель
2023
МАУСЫМАШАР-2023
Жайдарман    МАУСЫМАШАР-2023 01.04.2023 ж күні Сырдария аудандық мәдениет үйінде мектеп оқушылары  арасында  аудандық жайдарман ойындары ұйымдастырылды. Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен "Мирас"  жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен тартысты ойында "210 құрамасы" ширек финалдық сайысқа жолдаманы иеленді.  Жетекшісі: Арықов Өркен  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!
IQanat олимпиадасы
21
апрель
2023
IQanat олимпиадасы
Құттықтаймыз!!! Мектебіміздің 8 "а" сынып оқушысы Дүйсенбай Ернар IQanat олимпиадасының ІІ кезеңінен сүрінбей өтіп, 18 маусым күні Астана қаласында өтетін республикалық кезеңіне жолдама алды. Ернарға сәттілік тілейміз!
"Мерген ару — 2023"
07
март
2023
"Мерген ару — 2023"
Құттықтаймыз!!! Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз —халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында өткізілген "Мерген ару — 2023"  аудандық әскери - патриоттық жарысында N210  О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің командасы жүлделі І орынды жеңіп алды! Жетекшісі АӘТД пәнінің оқытушы — ұйымдастырушысы Е. Садықов.  Қыздарымызға облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!!
Мұқағали – мәңгілік жыр
21
февраль
2023
Мұқағали – мәңгілік жыр
Мұқағали – мәңгілік жыр Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен қазақ поэзиясының символы, қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасындағы  онкүндік  челлендж өз мәресіне жетті. Әр шығармасы сырлы сезімге толы ақиық  ақынның өлеңдерінен ұстаздарымыз шабыт алып, қанаттанып, Мұқағали жырларының күш-қайрат, рух беретін өзгеше бір әлем
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
07
февраль
2023
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңінде  төмендегі оқушыларымыз жүлдегер атанды: Қазақстан тарихы пәні бойынша 10 сынып оқушысы Асылбеков Дәулет І ОРЫН. Жетекшісі Тәжібаева Айгүл. Орыс тілі пәні бойынша 10 сынып оқушысы Ермаханова Ақжан  ІІ орын. Жетекшісі Калимбетова Марал. Орыс тілі пәні бойынша 9 сынып оқушысы Сарсенбаева Сафура  ІІ орын. Жетекшісі Ахметова Анар. Математика пәні бойынша 10 сынып оқушысы Құрманғазин Ұлан ІІ орын.