21
апрель
2023
Құқық бұзушылықтың алдын — алу — басты міндет.
Құқық бұзушылықтың алдын — алу — басты міндет.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.
Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Осы орайда N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 6 сәуір күні " Құқық бұзушылықтың алдын- алу — басты міндет" тақырыбында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу оны болдырмау мақсатында мектеп оқушыларының заң қызметкерлерімен кездесуі болып өтті. Кездесу қонақтары Сырдария АПБ-ң ЖПҚб-ң ЮПТ-ң КТІЖ -дегі УПИ-ры полиция лейтенанты Созақбаев Ақдаулет Бердібекұлы,полиция аға лейтенанты Көштаева Айгерім Жеңісбекқызы,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Друмова Айгүл Сәрсенқызы . 8-11 сынып оқушыларына ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.