Ата - аналар жиналысы » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата - аналар жиналысы
21
апрель
2023

Ата - аналар жиналысы

" Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" ата - аналар жиналысы.
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі.
«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Осы орайда құқық бұзушылықтың алдын алу  мақсатында  2023 жылдың 10 сәуірі  күні №210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде    жоғары сынып оқушыларының  ата-аналарына " Құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында  ата –аналар жиналысы болып өтті. 
Жиналыстың мақсаты: Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы  құқық бұзушылықтың  алдын алу және  ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілін арттыру болды. Жиналысты мектеп директоры С.Сактапова ашып, мектеп  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Друмова , мектеп психологі А. Әлжанова , мектеп әлеуметтік педагогы А. Тәжібаева ,ата-аналар комитетінің төрайымы С. Байтөлеева, "Аманат"партиясы Сырдария аудандық филиалының кеңесшісі Б. Ахметовтың қатысуымен өтті. Жиын барысында "құқық бұзушылық" терминіне түсініктеме беріліп, оның түрлері мен зардаптары жайлы айтылды.Жиналысқа келген ата-аналарға міндеттері көрсетілген заң баптарымен таныстырылып,кешкі уақытта балаларының қайда жүргенін бақылау,өз балаларының тәрбиесіне қатаң қарау жайында кеңес берілді.
Жиында соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Друмова сөз алып, оқушылардың жалпы тәртібіне, ата-аналарға қойылатын талаптарға тоқталса, мектеп психологы А.Алжанова қоғамдағы жастар тәрбиесін, әлеуметтік желілердегі жастардың белсенділігін, сондай-ақ  отбасы құндылықтарын арттырудағы, жастар арасында салауатты өмірді бойға сіңірудегі ата-ана рөлін кеңінен тілге тиек етті. Сонымен қатар, жасөспірімдердің арасында кездесетін"Буллинг,кибербуллинг" тақырыбында бейнефильмдер көрсетті. Мектеп әлеуметтік педагогы А.Тәжібаева беймезгіл уақытта көшеде жүру, ойынқұмарлық, өз - өзіне қол жұмсау, үйден қашу, ерте жүктілік сияқты келеңсіз оқиғаларды болдырмау жайлы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив