

№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінде 2023 жылдың 9 ақпан күні мектеп психологы А.Алжанова мектеп мұғалімдерімен «Біз қандай мұғалімбіз? тақырыбында тренинг өткізді. Мұғалімдердің көңіл-күйін көтеру, кездесетін қиыншылықтардың, кедергілерден шығу жолдарын ұғынуға көмектесу, шығармашылыққа бағыт беру мақсатында ұйымдастырылған тренингке мұғалімдер белсенді түрде қатысты. Тренинг барысында мұғалімдер екі топқа бөлініп «Білімді мұғалім», «Шығармашыл мұғалім» моделін жасап шығарды. Сергіту сәті, зейінді анықтауға, байқағыштық қабілетті арттыруға жаттығулар мен тапсырма жұмыстары жүргізіліп тренинг соңын мұғалімдер өз ой-пікірлері, алған әсерлерімен бөлісті.