«Шәкәрім – Ұлы Тұлға» » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Шәкәрім – Ұлы Тұлға»
21
апрель
2023

«Шәкәрім – Ұлы Тұлға»

Барын бағалаған ел ғана қашан да жолынан жаңылмай, тарихқа бағыт бере алады. Сондықтан да өткеннің өнегесі –  бүгіннің баға жетпес байлығы. Қазақ елінің тәуелсіз даму жолында ұлтымыздың ұлағатты ұлдары қолына қару алып та, қалам алып та қызмет етті. Өйткені еркіндік үшін күрестің жолдары да сан алуан. Сондай ұлттың ұлы тұлғаларының бірі, қазақ даласынан шыққан ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы туғанына биыл 165 жыл толады. Ақынның көркем мұрасы- әдебиетіміздің асыл қазынасы екенін таныту мақсатында мектебімізде  14.04. күні «Шәкәрім – Ұлы Тұлға» атты танымдық сағаты өтілді. Шараның мақсаты: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың  рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету. Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін, дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән беру.
 Алғаш кіріспе сөзді  «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі Әкімтаева Жадыра апай  бастап, ақынның  өлеңдерінде, аудармаларында ар тазалығы, имандылық, адамгершілік мәселелеріне тоқталды. Шәкәрім атамыздың  нақыл сөздерін  9- сынып оқушылары, Шәкәрім оқуларына 6,7- сынып оқушылары өлеңдерін  нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінге мән берді. Сондай-ақ оқушылармен бірге «Білім сандығы», «Білгеніңмен бөліс» атты қызықты ойындар ойналды. Шәкәрім — қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер ақын.
 Қазақтың ұлы ғұламасы Шəкəрімнің дүниетанымының туына себепкер болған немере ағасы Абай атамыздың айтқан сөздерімен түйіндегіміз келеді: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – деп мұның шешімін тапқан ойшыл Абайдың сөзі дəлел болмақ.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив