21
апрель
2023
«Жас эколог» үйірме
«Құстарға қамқоршы болайық» акциясы
Көктеммен бірге келетін 1 сәуір Құстар күніне орай №210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектеп жанынан құрылған «Жас эколог» үйірме оқушылары бастамасымен құстарға ұя жасалды.
Ауқымды іс-шараның негізгі мақсаты- табиғаттың бір бөлігі құстарға қамқор болу, еңбекке тәрбиелеу болды..
Біздің халық ежелден ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншіліктерін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа ал, ата –бабаларымыз сұлуын аққуға, батырын қыранға, әншісін бұлбұлға теңеп, халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсеткен .
Бейбітшіліктің, бостандық пен бақыттың жаршысы бола білген қанатты тіршілік иелеріне қамқор болу баршамыздың міндетіміз деп білеміз. «Құстарға қамқоршы болайық» акциясы келесі көктемде жалғасын таба беретініне сеніміміз мол.
Үйірме жетекшісі Бедебекова Жұлдыз Ержанқызы.