Біз туралы » Страница 2 » №210 орта мектебі
Қызылорда облысының білім басқармасының
Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің
"№210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72436) 21-156
Есепші бөлімі:
+7(72436) 21-156
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Күлкі жанның шипасы"
25
апрель
2023
"Күлкі жанның шипасы"
21.04.2023ж күні "Н.Ілиясов ауылдық мәдениет үйі"  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен "Күлкі жанның шипасы" атты мектеп оқушылары арасында аудандық Жайдарман сайысында үздік өнер көрсеткені үшін N210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің "210 құрамасы" жайдарман тобы жүлделі  І орынды иеленіп, арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі: Арықов Өркен Алдабергенұлы ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
«GREEN OASES» номинациясы бойынша
25
апрель
2023
«GREEN OASES» номинациясы бойынша
Құттықтаймыз!!!          2023 жылдың 21 сәуір күні «Табиғатты аяла»  республикалық жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің облыстық форумына қатысқан  мектебіміздің 7 "а"сынып оқушысы Нұрғазы Сұлтанбек «GREEN OASES» номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.Жетекшісі: биология -химия пәнінің мұғалімі Оспанова Жазира Кенжебекқызы.Жас зерттеуші оқушыларымыз көбейе берсін!
БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАЙЫҚ!
21
апрель
2023
БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАЙЫҚ!
БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАЙЫҚ! Құрметті ата-ана! Жазғы тынығу кезеңі балалар үшін суға түсумен ерекше. Дегенмен, судағы қауіпсіздікті елемеудің салдарынан қайғылы оқиғалар орын алып жатады. Судан келер қауіп жоғары. Сол себепті де балалардың белгіленбеген орындарда суға түпеуін бақылауда ұстайық!  Балаларды қараусыз қалдырмайық!
Шығармашыл ұстаз
21
апрель
2023
Шығармашыл ұстаз
Қызылорда облыстық өлкетану музейінде Сұлтан Бейбарыстың туғанына  800 жыл толуына орай "Бейбарыс-Қыпшақ даласының қыраны"атты облыстық тарихи-танымдық конференциясында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Тәжібаева Айгүл Әбдісұлтанқызы қатысып, өзінің озық тәжірибесімен бөлісіп қатысушы сертификатын иеленді.Құтты болсын,Айгүл Әбдісұлтанқызы! Сыр бойының тағылымды тарихшыларымен болған келелі кездесудегі тұщымды пікірлеріңіз бен саналы ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесіңізге алғыс
"Біздің айналамыздағы экономика"
21
апрель
2023
"Біздің айналамыздағы экономика"
Құттықтаймыз !!! "Біздің айналамыздағы экономика" тақырыбында өткен экономикалық ойындар байқауының аудандық кезеңіне қатысқан 10"а" сынып оқушысы Абдуллаев Асылжан 1 орын иеленді.Жетекшісі : Білісбаева Қарлығаш.Облыстық  кезеңге жолдама құтты болсын! Сәттілік!
Құттықтаймыз!!!
21
апрель
2023
Құттықтаймыз!!!
Құттықтаймыз!!! "Табиғатты аяла" жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің республикалық форумының  аудандық кезеңіне "GREEN OASES" номинациясы бойынша қатысқан 7 "а" сынып оқушысы Нұрғазы Сұлтанбек І орын иеленді.Жетекшісі : Оспанова Жазира . "Eko-Bolashak"номинациясы бойынша қатысқан 10 "б" сынып оқушысы  Амангелдиев Сәкен ІІІ орын иеленді.Жетекшісі : Бедебекова Жұлдыз.Жас табиғат зерттеушілерімізге облыстық кезеңде сәттілік тілейміз
"Айбын —2023"
21
апрель
2023
"Айбын —2023"
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!! 2023 жылдың 10 сәуір күні Сырдария аудандық білім бөлімі және " Samgau" Қызылорда облысының жастар қоғамдық бірлестігінің " Айбын —2023" әскери—патриоттық жастар жиынының аудандық іріктеу кезеңіне 5 аймаққа бөлініп, барлық аудан мектеп оқушылары қатыстырылды. Сайыс қортындысы бойынша жүлделі  І орынды 1аймақ құрама командасы (N210, N36, N131 мектеп). ІІ орын- 4 аймақ (N44, N129, N132мектеп) III орын — 2 аймақ (N137,N126,N135мектеп) жеңіп алды. N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта
"Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасар-2023"
21
апрель
2023
"Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасар-2023"
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!  6 сәуір күні Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Үздік оқу ісі жөніндегі орынбасар-2023"  байқауы өткізілді. Байқауға  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Жаңабергенова Айгүл Төреханқызы қатысып жүлделі І орын иеленді. Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз! Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз.
Құрметті ата-аналар!
21
апрель
2023
Құрметті ата-аналар!
Құрметті ата-аналар! 2022 жылы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан балаларға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарау үшін сараптамалық топ құрылғанын хабарлаймыз. Сараптама тобының құрамына орталық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді. Сараптама тобының негізгі міндеттері балаға қатысты кибербуллинг туралы өтініштерді қарау,
МАУСЫМАШАР-2023
21
апрель
2023
МАУСЫМАШАР-2023
Жайдарман    МАУСЫМАШАР-2023 01.04.2023 ж күні Сырдария аудандық мәдениет үйінде мектеп оқушылары  арасында  аудандық жайдарман ойындары ұйымдастырылды. Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен "Мирас"  жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен тартысты ойында "210 құрамасы" ширек финалдық сайысқа жолдаманы иеленді.  Жетекшісі: Арықов Өркен  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Облыстық кезеңге сәттілік тілейміз!