15
март
2023
14 наурыз – Көрісу күні
АМАЛ МЕРЕКЕСІ
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар.
Осы орайда N210 О. Әбілпаттаев атындағы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары "Көрісу мерекесін" атап өтті. Ұстаздар мен оқушылар бір-бірімен құшақ жайып көрісіп, жаңа жылға жылы лебіздерімен, ақ тілектерін жаударды. Жаңа жылда жаңа табыстар мен шығармашылық шабыттар тіледі.