10
май
2023
«Еңбекпен өрілген өмір»
9 мамыр Жеңіс күніне орай, 8 - сынып оқушылары Сырдария аудандық мұрағат қызметкерлері ұйымдастырған еңбек ардагері Тұрсын Балапановтың жеке тектік қорының құжаттарынан дайындалған «Еңбекпен өрілген өмір» тақырыбындағы көрмені тамашалады. Шара барысында тыл ардагерінің өнегелі өмірі мен елге жасаған үлгілі істері жайлы айтылды. Оқушылар ардагердің көрмеге қойылған жеке құжаттары мен марапаттары, баспасөз бетіне жарияланған мақалалармен танысты. Ер есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Жас ұрпақ ата-бабаларымыздың ерліктері мен еңбегін еш ұмытпауы керек.